Ұлыбританияда сауық-сайран жалғасып жатыр
Ұлыбританияда үшінші Чарльздің тәж кию рәсімінен кейін бүкіл ел бойынша мерекелік іс-шаралар жалғасып жатыр.
Ауқымды қойылым Виндзор сарайында өтті. Мұнда әлемдік жұлдыздар өнер көрсетті. Оған 20 мыңға жуық мейман шақырылды. Бүгін елде демалыс күні деп жарияланды. Алдын ала есептеулер бойынша бірнеше күн ішінде жергілікті тамақтану орындары мен қонақ үйлер 350 миллион стрелинг фунт пайда табуы тиіс.