Ыстамбұл мэріне шабуыл жасалды

Түркияның Ерзурум қаласында Ыстамбұл мэрі Екрем Имамоғлыға шабуыл жасалды.

Қала басшысы сайлауалды науқанға байланысты жиын өткізген. Бірақ ол төбесіне шығып сөйлеп тұрған автобусты жүзге жуық адам қоршап, тас жаудырған. Полиция шабуылдаған топты тарату үшін су шашқан. Оқыс оқиға салдарынан 9 адам жарақат алды. Арасында 1 бала бар. 2019 жылы Ыстамбұл мэрі болып сайланған Имамоғлы - оппозициялық партияның өкілі. Ол 14 мамырда өтетін сайлауда вице-президент лауазымына таласпақ ниетте.

Екрем Имамоғлы, Ыстамбұл мэрі:

- Барлық жақтан тас лақтырыла бастаған соң, біз ол арадан тез кетіп қалдық. Бұл жағдайға полиция әдейі араласпай, қарап тұрды. Яғни оларға сондай бұйрық берілген. Бұған бейнекадрлар дәлел бола алады.