Үндістанда туристік қайық суға батты

Үндістанда туристік қайық суға батып, 21 адам ажал құшты.

Құрбандардың көбі - балалар. Қайғылы оқиға Керала штатында болған. Тағы жарақат алған 7 кісі шұғыл ауруханаға жеткізілді. Жалпы қайықта 40 шақты адам болған. Билік апат себебін анықтау үстінде. Премьер-министр Нарендра Моди су көлігінде демалыс кезінде қыдырып жүрген оқушылардың болғанын растады. Опат болған құрбандардың отбасына 200 мың рупий өтемақы төленетін болды. Бұл шамамен 1 миллион теңге. Билік бүгін аза тұту күнін жариялады.