Twitter қолданылмайтын аккаунттарды бұғаттайды

Твиттер әлеуметтік желісі бірнеше жыл бойы қолданылмаған аккаунттарды бұғаттайды.

Бұл туралы компанияның бас директоры Илон Маск мәлімдеді. Мұндай аккаунтардың жазбалары мұрағатта сақталады. Твиттердің саясатына сәйкес желіге тіркелген азаматтар өз аккаутына айына кем дегенде бір рет кіруі тиіс.