Лондонда әуежай қызметкерлері ереуілге шықты

Лондондағы Хитроу әуежайының қауіпсіздік қызметінің мамандары ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілге 1,5 мыңдай адам қатысқан. Олар жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша,  Хитроу қызметкерлерінің жалақысы өзге әуежайларға қарағанда жылына 6 мың фунт стерлингке аз. Мұндай бас көтерулер бұған дейін де болып, айлықты 10%-ке көтеру жөнінде әңгіме қозғалған. Бірақ кәсіподақ оны азсынып, ұсынысты қабылдамапты.