Германияда атыстан екі адам қаза тапты

Германияның Зиндельфинген қаласында атыс болды.

Оқ "Мерседес" зауытында атылған. 2 адам ажал құшты. 53 жастағы күдікті қамауға алынды. Полиция оқиға орнына жеткенше компания күзетшілері қаскүнемді ұстап, қаруын алып үлгірген. Атыстан кейін 35 мың адам жұмыс істейтін зауыт жұмысшылары қауіпсіз жерге көшірілген. Әзірге оның неліктен оқ атқаны белгісіз. Тергеу амалдары басталды. "Мерседес" көз жұмғандардың компания қызметкері екенін мәлімдеп, туған-туыстарына көңіл айтты.

Стеффен Грабенштейн, қалалық полицияның өкілі:

- Атыс салдарынан ауыр жарақат алған 2 қызметкер, өкінішке орай, кейін қайтыс болды. Екеуінің де жасы 44-те болатын. Сарапшылар тобы зауыт ішінде әлі жұмыс істеп жатыр.