Трамп сот үкіміне қарсы шағым берді

24.kz / Reuters

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналист Элизабет Джин Кэролды зорлау ісі бойынша сот үкімін қайта қарауды сұрап, шағым жолдады.

Кеше Нью-Йорк соты бұрынғы мемлекет басшысы тілшіге сұғанақтанып, ұрып соқты деп шешім қабылдаған еді. Өтемақы ретінде Трампқа 5 миллион доллар айыппұл төлеуді міндеттеді. Бірақ Трамп өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартып, мұның бәрін жалған деп отыр. Еске сала кетейік, былтыр қараша айында журналист Элизабет Джин Кэррол экс-президенттің өзін  жәбірлегені жайлы сотқа шағымданған болатын.