Маймыл шешегінен қауіп жоқ – ДДСҰ
Маймыл шешегінен енді қауіп жоқ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы былтыр жарияланған төтенше жағдай режимін алып тастады. Бұл туралы халықаралық қауымдастықтың басшысы Тедрос Гебрейесус өзі жария етті. Ал коронавирус сияқты маймыл шешегіне қатысты жұмыстар жүйелі жүргізіле бермек. Жалпы індет тарағалы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 110 елде 90 мыңға жуық адамның оны жұқтырғаны және 140 тұрғынның көз жұмғаны туралы ақпарат түскен. Маймыл шешегі әсіресе Орталық және Батыс Африка елдерінде қатты өршіді. Бұл ауруға шалдыққан науқастың дене қызуының көтеріліп, жүрегі лоқсып, бұлшық еттері ауырады және қышыма пайда болады.
Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры:
- Маймыл шешегіне қарсы күрес оң нәтижесін бергенін көріп отырмыз. Соңғы 3 айда аталған ауруға байланысты шағым көлемі 90 пайызға азайған. Сондықтан бұл індеттен әлемге төнген қауіп жоқ деп есептейміз.