БҰҰ-ның өкілдерін Ауғанстандағы ахуал алаңдатады

Ал Ауғанстанда өлім жазасы мен ұрып-соғу арқылы жазалауға мораторий жариялануы тиіс.

БҰҰ-ның өкілдері тәліптерге осындай үндеу жолдады. Өйткені жақында бүкіл ел бойынша 175 адамға тиісті үкім шығарылғаны белгілі болды. Соның ішінде 37 адам таспен ұрып-соғу жазасына кесілген. БҰҰ-ның өкілдері мұның бәрі халықаралық құқық ережелеріне қайшы келетінін айтады. Халықаралық бірлестік мәліметіне сәйкес, кейінгі жарты жылда Ауғанстанда тәліптердің жоғарғы жетекшісінің нұсқауымен 330-дан аса адам көпшілік алдында соққыға жығылған. Ең сорақасы оның 58-і әйел, екеуі бала.