АҚШ-та екпе салдырғанын растайтын құжат талап етілмейді
Бүгіннен бастап АҚШ-қа барған шетелдіктерден коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын растайтын сертификаттар талап етілмейді.
Сонымен қоса федералдық мекеме қызметкерлері де тиісті ережеден босатылды. Өйткені мұнда пандемияға байланысты денсаулық сақтау саласында енгізілген төтенше жағдай тәртібі күшін жойды. Бірақ сарапшылар бұл жаңалықтың жағымсыз тұсы барын айтады. Өйткені енді әлеуметтік төлемдер қысқарады. Алдын ала есептеулер бойынша, 24 миллион америкалық медициналық сақтандырудан қағылуы мүмкін.