Пәкістанның бұрынғы премьер-министр уақытша босатылды
Сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі қамаудан шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Исламабад Жоғарғы соты оны 2 аптаға кепілге босаттты. Бұл жаңалықты Имран Ханның жақтастары қуана қарсы алды.
Алдыңғы күні Жоғарғы Сот Имран Ханның қамауға алынуын заңсыз деп тауып, оны босату туралы қаулы шығарған еді. Сонымен қатар 9 мамырдан кейін тағылған айыптар бойынша іс қозғауға тыйым салды.
Естеріңізде болса, бұрынғы премьер-министрге сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, «әл-Кадир траст» қорының ақшасын жымқырды деген айып тағылған болатын.