Перуде ежелгі ғибадатхана табылды

Перуде 4 мың жылдық тарихы бар көне ғибадатхана кешені табылды.

Ол елдің батыс бөлігінде орналасқан. Бұл туралы Сан-Маркос университетінің ғалымдары хабарлады. Мамандардың айтуынша, ғибадатхана ерте кезеңде діни рәсімдерді өткізетін жер болған. Қазір археологтар оны құм мен тастан тазартып жатыр. Осы уақытқа дейін кешеннің баспалдақтары аршылған.