Бельгияда «Ортақ билет» ережесі мақұлданды

Бельгияда барлық қоғамдық көлікте бір ортақ билетпен жүруге болатын ереже мақұлданды.

Үкімет операторлармен бірлесе отырып, қалта көтеретіндей бағаны белгілейді. Бір билеттің құны 7 еуродан аспайды деген болжам бар. Ол 1 күннің ішінде автобуспен, трамвай және пойызбен еш кедергісіз жүруге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, мұндай жеңілдік Австрия мен Германияда бұрыннан бар.