Еуроодақ елдерінде жалақы өсті
Еуроодақ елдерінде 1 жұмыс сағатына төленетін жалақы көлемі 4,4% өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Яғни, 30 еуродай үстемақы қосылады. Бұл мәліметті Еуроодақтың Статистика басқармасы келтірді. Еуроны ортақ валюта ретінде пайдаланатын елдердегі ең жоғары айлық Финляндия мен Мальтада тіркелген. Ал Литва, Эстония мен Хорватияда еңбекақы көлемі 8%-тен 13%-ке дейін артқан. Дания мен Швециядағы өсім – 3%.