Ердоғанның басты қарсыласы аз дауыс жинаған жоқ
Түркияда президенттік және парламенттік сайлаулардағы дауысты санау жалғасып жатыр.
Алдын ала қорытындыға сүйенсек, қазіргі президент Реджеп Тайип Ердоған 49,36 проценттік көрсеткішпен алда келеді. Алайда саяси додада жеңіске жету үшін үміткерге сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс беруге тиіс. Әу баста Ердоған осы межеден асқан еді. Бірақ елдің үш ірі қаласы Ыстамбұл, Анкара мен Измир тұрғындарының берген дауыстарын есептей бастағанда көрсеткіш төмендеді. Ердоғанның негізгі бәсекелесі Кемал Кылычдароглу әзірге 44,92 % процент дауыс жинады. Сайлаудың ресми қорытындысы бірнеше күннен кейін жарияланады. Бұл жолғы сайлауда халық өте белсенді болды.