Бангладеште дауыл басылмай тұр
Бангладеште дүлей дауыл басылмай тұр.
“Мокко” циклоны елге ауыр тиді. Екпінді желдің жылдамдығы сағатына 220 шақырымға жеткен. Соңғы деректерге сәйкес, шамамен жарты миллион адам үйін тастап кетуге мәжбүр. Тұрғындар жергілікті мектептерді, ғибадатханаларды паналап жүр. Жалпы алапат циклоннан 2 млн адам зардап шегуі мүмкін. Қазір әсіресе босқындар лагерлеріндегі жағдай қиын. Екпінді жел уақытша құрылған шатырларды қиратып, жолдарды топан су басқан. “Мокко” циклоны көрші Мьянма еліне де ауыр тиді. Мұнда 300 мың адам эвакуацияланған. БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, бұл елде 6 млн жуық адам гуманитарлық көмекке зәру.