Испанияда фермерлер шеруге шықты
Испанияда фермерлер наразылық шарасын өткізді.
Үкіметтің саясатына көңілі толмаған шаруалар Мадрид көшелеріне тракторлар алып шықты.
Наразылық шарасына 25 мыңнан астам адам қатысты. Шаруалар жанармай мен тыңайтқыштардың бағасының тоқтаусыз өсіп жатқанына қарсы. Сонымен қатар олар биліктен сумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруді талап етіп отыр. Себебі елде жыл басынан бері жауын-шашын әдеттегіден аз түскен. Қуаңшылықтан дәнді-дақыл себілген егістік алқаптарының 80 пайызы шықпай қалып, диқандар зор шығынға батты.
Біз былтыр да құрғақшылықтан қатты зардап шеккен еді. Жаңбыр жаумай, талдарымыз қурап, өнім аз болды. Мына қуаңшылықтан биыл тіпті шығынға бататын түріміз бар.