Таиландта парламенттік сайлау өтті
Мұнда негізгі күрес билік басындағы коалиция мен оппозициялық екі партия арасында өтті.
Осыдан тоғыз жыл бұрын әскери бүлік нәтижесінде күшпен билікке келген үкімет елде тұрақтылықты сақтауға үгіттеді. Ал негізінен жастарға сүйенген оппозиция түбегейлі өзгерістер өткізуді мақсат етіп отыр. Алғашқы қорытындылар бойынша халықтың көпшілігі оппозициялық партияларға дауыс берді. Алайда олардың билікке келуі екіталай. Өйткені бүліктен кейін әскерилер біраз заңды өзгертіп, билік сақтап қалуына мүмкіндік қалдырған.