Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді

Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді

Өткен жексенбі, яғни 14 мамыр әлемде саяси науқанға толы болды.

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңі өтетін болды. Ел басқаруда 20 жылдық тәжірибесі бар Режеп Тайип Ердоған бірінші кезеңде басым бола алмады. Оған оппозиция өкілі Кемал Кылычдароғлу лайықты қарсылас болып шықты. 

Түркиядағы сайлаудың қорытындысын түрік халқы ғана емес, бүкіл әлем тағатсыздана күткендей болды. Мұндай тартысты саяси дода Таиландта да өтті. Ал Грекияда осы аптаның соңында парламенттік сайлау болады. Бұл туралы сәл кейірінек баяндаймын.

Естеріңізге сала кетейік, Анкарадан меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат тікелей эфирге шығып, Түркиядағы сайлау науқанына байланысты соңғы ақпаратты бөлісті.

Таиландта өткен парламенттік сайлауда оппозиция жеңіске жетті. Биыл дауыс бергендердің қатары 75 пайыздан асып, рекордты көрсеткіш орнатты. Сарапшылар бұған 2014 жылы төңкеріс негізінде билікке жетіп, елді 9 жыл басқарған әскерилердің үкіметі деген халықтың наразылығы басты себеп болды дейді. Көп дауыс жинаған "Алға" партиясы 500 орынның 151-іне, ал  "Тайлықтар үшін" партиясы 141 мандатқа ие болды. "Алға" партиясы коалиция құруды ұсынып, оған "Таилықтар үшін" партиясы келісім берді.

Пита Лимчароенрат, "Алға" партиясының жетекшісі:

- Таиланд халқы өз таңдауын жасады. Мен барлық адам үшін премьер-министр болуға дайынмын. Тіпті маған қарсы дауыс бергендердің талап-тілегін ескермекпін. "Таилықтар үшін" партиясының жетекшісін жанкешті еңбегі үшін құттықтадым  және оны бұрынғы оппозицияның 5 партиясы кіретін коалицияға қосылуға шақырдым.

Ал сайлауда бірін-бірі қолдаған әскерилердің қос партиясының әрқайсысына 55 және 50 орын ғана бұйырды. Опозиция осы жолы негізінен жастарға арқа сүйеді. «Демократиялық күштердің басымдыққа ие болуы жергілікті азаматтардың шынайы өзгерістерді қатты қалағанын көрсетеді», - дейді сарапшылар.

Титанан Понгсудирак, саяси ғылымдарының профессоры:

- "Алға" партиясы әлеуметтік саясатты ту қылып ұстады. Сондықтан оларды халық қолдап отыр. Тұрғындар әскерилердің диктаторлығынан шаршады. "Алға" партиясы тіпті осы сайлауда "Таилықтар үшін" партиясынан да басым түсті. "Таилықтар үшін" партиясы 2001 жылдан бері жеңіліп көрмеген нағыз популистік қозғалыс болатын".

Грекияда парламенттік сайлау өтеді

Грекия осы аптада таңдау жасауы тиіс. Жексенбі күні елде парламент сайлауы өтеді. Бірақ халық саяси науқанға үлкен қызығушылық танытпай отырғанға ұқсайды. 2019 жылдың өзінде дауыс беруге құқылы азаматтардың 58 пайызы ғана учаскелерге келген. Сарапшылар бұл жолғы көрсеткіш одан да төмен болады деп болжайды. Грекия қоғамында қазір экономика, көші-қон энергетика мәселелері өте өзекті.

Никос Веттас, экономикалық және өнеркәсіптік зерттеулер қорының директоры:

- Еуропаның өзге елдерінде де инфляция өршіп тұрғанын білеміз. Дегенмен біздегі көрсеткіштер тым жоғары. Олар әлдеқайда төмен болуы керек еді. Пәтерақысы өсіп барады. Бір не екі адам ғана жұмыс істейтін отбасылары үшін күн көру оңай емес. Кейінгі 15 жылда халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті. Бүкіл Еуропа бойынша қаржы-несие саясаты қатаңдатылып, халықтың жағдайы қиындап барады.

Осыдан 2 апта бұрын өткен сауалнама нәтижесі Грекия азаматтарының көбі қазіргі үкіметке сенетінін көрсетті. Ал екінші зерттеуде бұрынғы премьер-министр, елдегі ең ірі оппозициялық партия жетекшісі Алексис Ципрасқа үміт артатынын ашық айтқан.