4 жасар жазушы бала Гиннестің рекордтар кітабына енді
Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 жастағы бала әлемдегі ең жас жазушы ретінде Гиннестің рекордттар кітабына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Балақайдың жазған ертегілері бір мыңнан астам тиражбен жарыққа шығып, сатылып кеткен. Жазушының айтуынша, қалам тербеуге әпкесі себепші болған. Інісіне шабыт берген әпкесі де 8 жасында әлемдегі ең жас қаламгер атанды. Оның кітабы 2 тілде жарық көрген.