Америкалық азамат су астында рекорд орнатты

АҚШ-тың Флорида штатында рекорд орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда Джозеф Дитури есімді америкалық азамат су астында орналасқан үйінде 75 күннен астам тіршілік етіп жатыр. Оның мақсаты – су астында 100 күн тұрып көру. Жобаны теңіз ресурстарын дамыту қоры қаржыландырған. «Бұл эксперимент адам мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты зерттеуге көмектеседі», - дейді мамандар. Джозеф су астында маусымның 9-на дейін болуды жоспарлап отыр.  Осылайша, ол 2014 жылы орнатылған 73 күндік рекордты жаңартпақ.