Франция экологиялық жобалар үшін салықты азайтады
Ол үшін жыл сайын жарты миллиард еуро бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үкімет осындай заң жобасын ұсынды. Бағдарлама өндіріс саласында экологиялық таза технологияларды жандандыруды көздейді. Сонымен бірге жел және күн электр станцияларына қаржы құйған бірлестіктердің 25-40% шығынын мемлекет өтейді. Билік бағдарлама 40 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін айтады.
Жоба 2025 жылға дейін жүзеге асырылып, кейін тағы 4 жылға созылады.