Араб елдері бірыңғай виза енгізеді

Араб елдері бірыңғай визалық кеңістік құруға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, Бахрейн, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Оман тұрғындары арада визасыз қатынай алады. Десе де оның мерзімі әр түрлі. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктерінде 90 күнге дейін жүріп тұруға болады. Ал Катарда ол көрсеткіш – 30 күн. Бастама туризм саласын дамыту үшін көтеріліп отыр.