БҰҰ өкілдері пластиктің зиянын азайту мәселесін көтерді
Әлем елдері алдағы 20 жыл ішінде қоршаған ортаның палстикпен ластану деңгейін 80 пайызға дейін азайта алады. БҰҰ өкілдері осылай деп отыр.
Ол үшін пластикті қайта қолдану, өңдеу және баламалы материалдарды пайдалануға ден қою керек. Мамандар қазбалы отындарды субсидиялауды тоқтатуға кеңес береді. Сонда пластмассадан жасалған бұйымдардың өндірісін қымбаттайды. Халықаралық бірлестік өкілдері әлем елдері осы кеңестерге құлақ асса, қоршаған ортаның ластануын азайтып қана қоймай, 700 мың жаңа жұмыс орнын құруға болатынын айтады.
Айта кеткен жөн, 2021 жылы әлемде 139 млн тонна пластик қалдығы бары анықталған. Соның тек 9%-і ғана қайта өңделеді. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, 2060 жылға таман бұл материалдың өндірісі үш есе артуы мүмкін.