АҚШ-тың қарызы 31 триллион доллардан асты
АҚШ экономикасын дефолтқа жеткізбейді.
Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді. Президент “мемлекеттік қарыз бойынша дефолт болмайды, бюджетке қатысты ортақ келісімге келеміз” деп нық сеніммен айтты. “АҚШ Конгресі бір мәмілеге жақын арада келуі тиіс, олардың басқа амалы жоқ” дейді Байден. Дефолтты болдырмау үшін республикалықтар мемлекеттік шығынды азайту керек дейді. Қазіргі таңда АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 31 трлн доллардан асып отыр.