Өздігінен жүретін Tesla көліктері жолға шығады

Биыл Тесла электрмобильдері толығымен өздігімен басқарылуы мүмкін.

Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Илон Маск жария етті. Тесла көліктерінде "өздігінен басқару" бағдарламасы бұрыннан жұмыс істейді. Ол бірнеше деңгейге бөлінеді. Қазір жүйе көлікті басқарып отырса да бар жауапкершілік адамға артылады. Демек, жүргізуші жолда сақ болып, керек болса жағдайға араласа алады. Бірақ Илон Маск жасанды интеллектің дамуына қарай алдағы уақытта мұндай қажеттілік болмайтынын айтады.