Астық келісімі ұзартылды
Қара теңіздегі астық келісімі тағы екі айға ұзартылды.
Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Ол Стамбул келісімнің барлық шарттарын орындауға бар күшін салатынын атап өтті. Осылайша Қара теңіздегі арнайы дәліз арқылы кемелердің өтуі жалғасады. Мәскеудің шешімін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова да растады. Естеріңізде болса, астық келісімі бүгін аяқталуы тиіс еді. Келісімді ұзарту туралы келіссөздер алдында мамырдың 10-11-і өтіп, еш нәтиже бермеген еді. Шартты ұзарту үшін Ресей өзінің ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға қатысты бірқатар талаптар қойды.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:
- Келісімнің ұзартылғаны бүкіл әлем үшін жақсы жаңалық. Шешілмеген мәселелер бар, бірақ Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ өкілдері оларды талқылауды жалғастырады. Ортақ келесімге келеміз деген ойдамын. Жақын арада Ресей мен Украинадан азық-түлік пен тыңайтқыштар, соның ішінде аммиак әлем елдеріне кедергісіз тасымалданады деген үміттеміз.