Қазақстан Әлемдегі ең ірі стартаптар орталығы «Станция F» тәжірибе алмасады
Қазақстан Әлемдегі ең ірі стартаптар орталығы Франциядағы «Станция Эфпен» ("F-пен") тәжірибе алмасады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы Париждегі кампусты барып көрді. Біздің тарап француз әріптестерін Астана Hub технопаркімен таныстырды. Кездесу барысында екі жақ бизнес мектептер арасында ынтымақтастық орнатуға келісті. Цифрлық бизнес - қазір әлемде ең тез дамып келе жатқан саланың бірі. Қазақстанда соңғы 3 жылда IT-өнімдері 10 есе ұлғайған.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Сервистерімізді көрсеттік. Мынау енді алып компанияларды алатын болсақ Ай-Ти медиа дейтін компания бар. Ол биометриялық жүйелерді және электрондық құжаттарды қалай қолдану керек екенін көрсетті. Біздің дамығанымызды көріп олар таң қалып жатыр. Біз олармен бірігіп біздің өнімдерді қалай олардың жүйелері арқылы таныстырып, басқа елдерге шығару жағын талқыладық.