Тбилисиде вандализмге қарсы мобильді қосымша
Тбилисиде қаланың көркін сақтау мақсатында арнайы қосымша іске қосылды.
Бұрын вандализм әрекеті байқалса, оның фотосуреттері тек әлеуметтік желіде жүктеліп, талқыланатын. Қазір қала тұрғындары оны мобильді қосымшаға жүктеп, әкімдікке тікелей көрсете алады. Ол үшін қосымшада көше аты, сыртқы жарықтандыру немесе саябақтар сынды қажетті санатты таңдауы керек. Осыдан кейін фотосуретті жүктеп, мекен-жайын жазу міндетті.
Каха Каладзе, Тбилиси мэрі:
- Бірнеше күн бұрын біз қала мәселелерін жазуға болатын жаңа қосымшаны жарияладық. Адамдар Facebook-те белсенді. Ал енді біз қосымшаны пайдалану өте оңай дей аламыз. Тұрғындар тіркелуді бастап кетті. Біздің қаламыз үшін алаңдайтын барлық азаматтарға рахмет!