Италияда 14 өзен арнасынан тасыды

Италияда нөсердің басылатын түрі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан елдің солтүстігінде 14 өзен арнасынан тасыған. Соңғы мәлімет бойынша, құрбандар саны 9 адамға жеткен. Бірнеше тұрғын із-түзсіз жоғалған. Кейбір өңірде бір жарым тәулікте жауын-шашынның 6 айлық нормасы жауған. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар нөсер жақын арада басылмайтынын айтады. Қауіпті аймақтан мыңдаған адам эвакуацияланған.

Келли Шарк, жергілікті тұрғын:

- Құтқарушыларды күтіп отырмыз. Олар келгенше, қолдан келгенше өзіміз аман қалудың амалын жасап жатырмыз. Басқа не істей аламыз?

 

Пәкістанда да су тасқынынан 8 адам опат болды. Марқұмдар арасында балалар бар. Синоптиктер жаңбыр басылса да, оның соңы дауылға ұласатынын ескертеді.