АҚШ-та жаяу жүргіншілер өлімі көбейген

АҚШ-та жаяу жүргіншілер өлімі көбейген

АҚШ тұрғындары биліктен қоғамдық тасымал саласына бөлінетін қаржының ұлғайтылуын сұрап отыр және велосипедтерге арналған инфрақұрылымды жетілдіру қажет дейді.

Себебі көлік апаттарынан жаяу жүргіншілер өлімі көбейген. Мысалы, былтыр Құрама Штаттарда көшеде көлік қағып, көз жұмғандардың саны 13%-ке өскен. Ал 2021 жылы жолдағы апаттарынан 42 мыңнан аса тұрғын қаза болған.  

Рэйчел Паник, Джорджия технологиялық институтының зерттеушісі:

- Қазір адамдардың көбі велосипедпен жүргісі келеді. Сұраныс жыл сайын артып жатыр. Бірақ өкініштісі, елді мекендердің көбінде бұл үшін жағдай  жасалмаған. Сондықтан билік мәселеге ден қоюы керек деп ойлаймын.