Мексикада 49 мигрантты ұрлап кетті

Мексикада 49 мигрантты ұрлап кетті

Мексикада қылмыстық топтар 50-ге жуық мигрантты ұрлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Мексиканың орталық бөлігіндегі 2 штатта болды. Қарулы адамдар автобусты тоқтатып, жолаушыларды белгісіз жаққа қарай алып кеткен. Қазір келімсектерді іздеу операциясы басталды, оған әскерилер жұмылдырылды. 

Луис Кресенсио Сандоваль, Мексиканың Ұлттық қорғаныс министрі

- Автобус жанармай бекетіне тоқтағанда оған белгісіз адамдар келіп отырған. Бұл туралы бізге басқа мигранттар айтты. Қазір өзге де мәліметтерді сараптап, қылмыскерлерді іздестіріп жатырмыз.