Аргентинада ереуіл тыйылмай тұр
Буэнос-Айресте мыңдаған адам орталық көшелерге шығып, қарсылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жиналғандар халықаралық валюта қорымен келісім жасауға наразылықтарын білдіріп отыр. Халық елдегі жұмыссыздық пен жалақының төмен болуына осы қаржы ұйымын айыптайды. Себебі үкіметтің берешегі күн санап көбейіп, тұрғындардың айлығы шайлығына жетпей барады. Бұған қарамастан жергілікті билік тағы сомасы 44 млрд долларлық несие келісімін жасамақ. Жағдай үкіметтің қатаң үнемдеу шараларын жариялағаннан соң ушығып кетті.
Айта кету керек, Аргентинада инфляция 109%-ке жетіп отыр. Елде тұтынушылық баға бірден 3 есе өскен.