Нигерия безгекке қарсы жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат берді
Нигерия билігі Оксфорд Университетінің ғалымдары шығарған безгекке қарсы жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат берді.
Сәуір айында бұл дәріні Гана үкіметі де мақұлдаған болатын. Африканың бірқатар елінде өткен сынақ нәтижелері жақсы нәтиже көрсетті. Вакцинаны алған адамдардың 80 процентін бұл ауруды жұқтырудан қорғап қалған. Бұл медицина әлеміндегі тарихи оқиға саналады. Өйткені аталған вакцинаны жасап шығуға 30 жыл уақыт кетті. Жаңа дәрі зерттеу басталған сәттен бастап зор үміт сыйлаған еді. Салыстырып көрсек, қазір қолданылып жүрген безгекке қарсы жалғыз вакцинаның көрсеткіші 30 процент төңірегінде. Сынақтың үшінші кезеңі әлі жалғасып жатыр. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны әлі мақұлдаған жоқ. Ұйымның деректеріне сүйенсек, 2021 жылы безгекті 247 миллион адам жұқтырып, 619 мың адам одан көз жұмды. Көбі Африка тұрғындары. Ал ажалға құшқандардың 96 проценті бес жасқа жетпеген балалар.
Фрэнсис Ндунгу, Оксфорд Университетінің зерттеушісі:
- Безгектен өлім-жітімнің 90 проценті Африка үлесінде, көбі 5 жасқа жетпеген бүлдіршіндер. Сондай-ақ бұл ауру адамдардың тұрмысына және экономикаға кері әсерін тигізеді. Балаларды ажалдан сақтап қалатын тиімді вакцинаның болуы өте маңызды.