Сальвадорда стадиондағы кептеліс кезінде 9 адам қаза тапты

Сальвадорда футбол стадионында адамдар кептелісінен 9 тұрғын көз жұмды.

Тағы ондаған азамат жараланған. Оқиға Кускатланда аумағында өткен чемпионаттың ширек финалдық матч кезінде болған. Полиция ауруханада жатқан екі адамның халі мүшкіл екенін хабарлады. Қайғылы жағдайға байланысты ойын тоқтатылып, ұйымдастырушылар адамдарды таратып, байбалам басталған. Қазір зардап шеккендерге көмек көрсетілуде. Ал Сальвадор футбол федерациясының өкілдері  құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтып, барынша қолдау көрсететін жеткізді.