Женевада Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы ашылды
Женевада Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясының ресми ашылу салтанатына орай «Денсаулық баршаға!» атты шарасы өтті.
Алқалы басқосуда ұйымға мүше елдер салауатты өмір салтын насихаттау мен ұзақ өмір сүру жайын талқылады. Жиынға Қазақстан делегациясы да қатысты.
Жетпіс алтыншы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясының ашылуының басында ұйымдастырылған «The Walk and Talk» атты шараға еліміздің денсаулық сақтау міністр Ажар Ғыният басқарған делегациясы да қатысқан.
Аталған денсаулық маршы биыл төртінші рет өткізіліп отыр және Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының 75 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Іс-шара дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың физикалық және психикалық денсаулығын жақсартудағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Бұл шараның басты мақсаты – халықтың өз денсаулығына деген қызығушылығын арттыру, олардың назарын дене шынықтыруға, аурудың алдын алу шараларына аудару, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. «Денсаулық баршаға!» ұранымен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 75 жыл бойы әлемнің барлық елдерімен жұмыс істеп келеді. Ал бүгінде осы бағыт, осы бағдарлама барлық жерде жүзеге асуда.
Сайысқа қатысушылар әр жастағы адамдар – делегация мүшелері мен өнер қайраткерлері, журналистер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қайырымдылық ұйымдарының өкілдері 3 және 4 шақырымдық ұсынылған маршрут бойынша жүрді. Таза ауадағы іс-шараны ұйымдастырушылардың ішінде спорт клубтары мен Женева университетінің ауруханасы және басқа да көптеген серіктестердің мүшелері бар.
Татьяна Валовая, БҰҰ Женева кеңесінің бас директоры:
- Мұнда бүгін бұл идеяны қолдаған халықаралық Женеваның өкілдері мен қаланың тұрғындары жиналды. Негізі денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың қажеттігін айтып қана қоймай, осы жолдағы нақты қадамдар жасауымыз керек. Сондықтан бұл біз үшін бірлесе жұмыс жасау, ынтымақтастықтың және нақты істерді бірге жасаудың қаншалықты маңызды екенін еске салатын үлкен оқиға.
Тедрос Адханом Гебрейесус, ДҰҰ бас директоры:
- Біз бұл іс-шараны 2018 жылы бастадық, содан бері бұған қатысушылардың саны артып келеді. Өздеріңіз білетіндей, спорт пен денсаулық бір-бірімен байланысты. Біз неғұрлым физикалық белсенділік танытсақ, соғұрлым денсаулығымыз жақсарады. Сондықтан бүгін біз барлығымыз, және Қазақстан делегацияның қатусуымен әлемдегі әрбір адамды физикалық белсенділікке және салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният бастаған Қазақстан делегациясының мүшелері Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 76-шы отырысының ресми ашылу салтанатына және Орталық Азия елдері делегацияларының ДДҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюгемен кездесуіне қатысады.
Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов