Түркияда тұңғыш рет «Қымызfest» шарасы өтті
Анадолы жұрты қазақтың ұлттық сусыны қымыз жайында хабардар.
Сондықтан болар, бүгінгі қымызмұрындыққа келушілердің қарасы қалың. Игі шараға халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйытқы болды.
Сұлтан Раев, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы:
- Қымыз, күллі түркінің ортақ сусыны. Соның ішінде қазақтың ұлттық тағамы. Қырғыздың ұлттық тағамы. Сондай- ақ, біз үшін жеиі қазынаның бірі. Қалай да қарасаң бүгінгі шараның маңызы зор.
Нұрлан Омаров, ұлы тағзым қоғамдық ұйымының вице-директоры:
- Қазақстанда 10 жыл бұрын бастадық. Әр қалада өткіздік. Бірінші мақсат, көшпелі салт дәстүрін көрсету. Бірінші рет Түркияда ұйымдастырып жатырмыз.
Ресми рәсімнен кейін туыстас түрік халқына ұмыт бола бастаған желіге құлын байлау және бие сауу дәстүрі көрсетілді.
Ерлан Байын, Қазақ этноауылын құрушы:
- Осы алаңда қымыз бар. Жылқы бар. Биелер сауылады. Саумал бар. Қазақтың ұлттық тағамдары- бешпарпақ әртүрлі тағамдар беріледі. Киіз үйде демалып, кетуге жағдай жасаймыз.
Шара аясында ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, келушілер қаз-қатар тігілген киіз үйдің ішіне кіріп, бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Қымыздың бірнеше түрінен де ауыз тиді. Қонақтарға ұлттық сусынның ерекше қуаты мен денсаулыққа пайдасы жайында кеңінен мағлұмат берілді.
Сема Улусой Акбай, мұғалім:
Археолог- туркологпын. Өзіміздің төл дәстүрімізді осында көріп, қатты қуанып қалдым. Заманымызды ең маңызды дүние- бабалар дәстүрін жалғастыру. Осы тұрғыдан, бүгінгі жиынның маңызы зор.
Музаффер Кылыч, киномотограф:
- Атажұртқа барып келгендей болдым. Қымызды алғаш рет 1993 жылы іштім. Әрбір кісінің табиғи сусыннан мәндетті түрде дәм татуы керек деп есептеймін.
Шара соңы ұлттық би мен дәстүрлі әнге ұласты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қымызмұрындыққа 40 литр ұлттық сусын қойылып, екі қазан палау басылған. Алдағы уақытта бұл мейрам Түркияда дәстүрлі түрде тойланбақ.