Филиппин астанасында тарихи пошта ғимараты өртенді

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен түні бойы арпалысып, әзер өшірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Өрттің неден шыққаны да әлі белгісіз. Маниладағы бұл ғимарат 1926 жылы салынған. ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде қатты зардап шегіп, майдан аяқталған соған соң қалпына келтірілген еді. Бұл нысан 2018 жылы ЮНЕСКО-ның маңызды мәдени мұралар тізіміне енгізілді.