Грекиядағы парламенттік сайлауда «Жаңа демократия» партиясы алда келеді
Грекиядағы парламентік сайлауда билік басындағы «Жаңа демократия» партиясы алға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бюллетеньдердің 97% санағы бойынша Премьер-министр Кириакос Мицотакистің партиясы сайлаушылардың 41% дауысына ие болған. Ал екінші орында бұрынғы министрлер кабинетінің басшысы Алексис Ципрастың «Сириза» партиясы келеді. Оны азаматттардың 20%-і ғана қолдап дауыс берген. Үшінші орында 12% дауыспен социалистер тұр. Бірақ сарапшылар елде қайта сайлау өтуі мүмкін деп отыр. Себебі додада ешбір партия үкіметті жасақтауға қажетті дауысты жинай алмаған.