Римде экобелсенділер субұрқаққа көмір төкті
Экобелсенділер Римдегі әлемге әйгілі Треви субұрқағына көмір мен қара май төкті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша, олар жергілікті үкіметті қоршаған ортаға зиянды отыннан бас тартуды талап етті. Суға түскен ереуілшілер қолына «Еліміз құрып барады» деген жазуы бар плакат ұстап алған. Бұл іске араласқан полиция наразылық шарасын күшпен тоқтатты.
Осы айдың басында олар Римдегі тағы бір субұрқаққа бояу құйған болатын. Енді Италия билігі экобелсенділерге қатысты ережені қатаңдатайын деп отыр. Қоғамдық орындарды бүлдіргені үшін 10 мың еуродан 60 мың еуроға дейін айыппұл салу қарастырылу үстінде.