Бейжің метросында жолақыны алақанмен төлеу жүйесі енгізілді

Бейжің метросында жолақыны алақанмен төлеу жүйесі енгізілді

Қытай астанасындағы метроның жолақысын алақанмен төлеу пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін жол картасын немесе QR кодты сканерлеудің қажеті жоқ. Тек станциядағы билет терминалына алақаныңыз туралы биометрлік мәліметті енгізіп, танымал WeChat мессенджерінде тіркелу қажет. Мұнан соң пойызға отырар кезде терминалға алақаныңызды қойып кіре беруге болады. Жол ақысы сапар соңында алынады. Жаңа технология жолаушының ақшасы бітіп қалса да, смартфоны өшіп қалса да, жұмыс істей береді.