loader


Гайана елінде өрттен 20 бала қаза тапты

Оңтүстік Америкадағы Гайана елінде қыздар мектебінің жатақханасынан өрт шығып, 20 оқушы қаза тапты.

Тағы бірнешеуі отқа күйіп, жетеуі ауруханаға жатқызылды. Елдің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джеральд Гувеяның мәлімдеуінше, өрт сағат түнгі он екіден кейін басталды. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Сол түні күн күркіреп, көмекке шыққан ұшақтарға кедергі келтірді. Бұл мектеп шекаралас Мадиа қаласында орналасқан. Онда алшақта тұратын байырғы халықтардың балалары оқитын.