Синан Оған Ердоғанның кандидатурасын қолдады

Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде үшінші орынға табан тіреген "Ата" альянсының үміткері Синан Оған қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанды қолдайтынын мәлімдеді.

Ол алғашқы айналымда 5,17 пайыз дауыс жинаған болатын. Сарапшылар Оғанды "киңмейкер" деп атады. Яғни бұл,, лайықты үміткер болмаса да сайлау нәтижесіне әсер ету мүмкіндігі бар адам деген сөз. Ал жергілікті ақпарат құралдары осы "Ата" альянсына кіретін "Жеңіс" партиясының серкесі Умут Оздағтың Кемал Кылычтароғлұны қолдауы мүмкін екенін болжайды. Осыған орай екі саясаткер бүгін бірлескен мәлімдеме жасауға тиіс. Естеріңізге сала кетейік, 14 мамырдағы сайлауда  Режеп Тайип Ердоған 49,5, ал басты қарсыласы 45 пайыз жинаған еді. Енді 28 мамырда өтетін екінші кезеңде жеңіске жету үшін Ердоған мен Кылычтароғлұның біреуі 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. 

Синан Оған, "Ата" альянсынан президенттікке экс-үміткер:

- Қос үміткермен де кездестім. Өзара ілпипат пен сыйластық аясында сөйлестік. Сол үшін оларға алғыс айтқым келеді. Әртүрлі келіссөздер, кеңесу мен қарапайым халықтың талап-тілегінің негізінде мен екінші кезеңде "Халықтық альянстың" үміткері Режеп Тайип Ердоған мырзаны қолдайтынымды мәлімдеймін. Бірінші кезеңде бізге дауыс берген сайлаушыларымызды екінші кезеңде Ердоған мырзаны қолдауға шақырамын.