Берлинде көне көлік көрмесі өтті
Берлинде ашық аспан астында көне көліктердің көрмесі өтті.
Әлемдік брендтердің шығу тарихы мен, тұңғыш шыққан кейбір темір тұлпарлардың кескін келбеті, қазіргісіне мүлде ұқсамайды. Қозғалқышынан бастап дизайны 180 градусқа өзгергендері бар.
Хендрик Ридель сирек кездесетін темір тұлпардың иесі. Бір ғасыр бұрын құрастырылса да, автокөлік сапасын еш жоғалтпаған.Қайта түрленіп, келушілердің қызығушылығын оятты. Бұл алаң ретро-көлік сатып алуға немесе автобөлшек табуға жақсы мүмкіндік.
Хендрик Ридель, ретро көлік иесі:
- Бұл америкалық марка Дурант стар деп аталады. 1923 жылы құрастырылған. Яғни биыл көлігіме 100 жыл толды. Бұл жай көлік емес, мәдение мұра. Соңғы 13 жыл оның иесі менмін. Шаң жұқтырмай, күтіп айдап жүрмін.
Әр түрлі модельдер мен құрастыру технологияларын бағамдай келе, соңғы 100 жылдағы әлемдік автоөнеркәсіптің алға жылжығынан байқауға болады. Шағын фольксваген, америкалық үлкен кадиллак, «желмен жарыса алатын» феррари және ерекше полиция көлігі өткен тарихтан сыр шертеді.
Катрин:
- Мен Германияда тұрсам да мұндай көрмеге екінші рет келіп тұрмын. Өте қызық екен. 80-жылдары құрастырылған дөңгелекті үй ерекше таңқалдырды. Бала арманды еске салды.
Ретрокөліктер шоуы ашық аспан астында өтіп жатыр. Таза ауа, табиғат аясында тарихпен танысу ғажап. Мен коллекционер болғым келеді. 1950 жылдары шыққан бірнеше мотоциклым бар. Бүгін соның бірін мініп келдім .
Ретрокөліктер көрмесіне 500-ден астам коллекционер қатысты. Берлиннен кейін бұл шара Нюрнбергте жалғасады.