ОАР Гаутенг провинциясында тырысқақ ауруы өршіді
Оңтүстік Африка Республикасының Гаутенг провинциясында тырысқақ ауруы өршіді.
Цван қаласында 100-ге жуық адам дертке шалдығып, 15 науқас көз жұмған. Тағы 37 адам ауруханаға түскен. Тұрғындар індеттің таралуына шаһарға берілетін сапасыз ауыз су себеп деп, жергілікті билікті айыптап отыр. Бұл елде тырысқақ ауруы алғаш рет ақпан айында тіркелген. Вирус МалАвидан келген.
Селло Самуэль Лекото, науқас:
- Бізде судың сапасы өте нашар. Бірнеше жылдан бері құбырды ауыстыруды сұрап келеміз. Бірақ әлі ешқандай шара қолға алынған емес. Олар бұған құлық та танып отырған жоқ.