Meta компаниясына $1,3 млрд айыппұл салынды
АҚШ-тың Мета компаниясына рекордты мөлшерде айыппұл салынды.
Еуропалық Одақтың бақылаушы органы, өз азаматтарының жеке мәліметтерін АҚШ-қа жібергені үшін бір миллиард 300 миллион доллар төлеуді бұйырды. Бұл жеке деректерді қорғау заңы бойынша салынған, ең үлкен айыппұл. Еуроодақ басшылығы компания осылайша тұтынушылардың негізгі құқықтарын бұзды деп санаған. Америкалық компания болса мұны негізсіз деп танып шешіммен келіспейтінін мәлімдеді. Мета компаниясының меншігінде Фейсбук пен Инстаграм ірі әлеуметтік желілері және Вотсапп мессенджері бар.