Колорадо өзені кеуіп барады
Жер шарындағы температураның күрт көтерілуінен, өзен суларын пайдалану артты.
Салдарынан көлдердің тартылуы байқалады. Дерекке сүйенсек климаттың құбылуы мен адамзат баласының әрекетінен, жыл сайын 21 триллион литр су құрғайды. АҚШ-тағы Колорадо өзенінің кеуіп қалуы, соның бір дәлелі.
Соңғы 30 жылда жер бетіндегі көл-сулары аса жылдам қарқынмен азайып жатыр. Мұны ғалымдардың ондаған жыл жүргізген зерттеулері көрсетіп отыр. Мәліметке сүйенсек, 1992 мен 2020-шы жылдар аралығында әлемде АҚШ-тағы ең ірі су қоймасы Мид сияқты 17 көл тартылып қалған.
Баладжи Раджагопалан, Колорадо унивестиетінің профессоры:
- Зерттеулер дүниежүзіндегі тұщы сулы көлдердің 50 пайызы тартылып жатқанын көрсетіп отыр. Оның басты себебі адамзат баласының тұтынуы мен жер шарымыздағы температураның көтерілуі. Жауын-шашынның аз болуы және тағы басқа факторлардың әсері тек 8-10 пайызды құрайды.
Мысалы, АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы басты тіршлік көзі саналатын Колорадо өзені тез кеуіп барады. Бұған 40 миллион адамды ауызсумен қаматамсыз етіп отырған өзенді дұрыс пайдаланбау себеп.
Фелиция Маркус, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері:
- Соңғы 23 жыл бойы бұл өзен құрғақшылықтан көз ашпады. Елдегі ең үлкен деп саналатын 2 су қоймасы суалып, "өлі бассейнге" айналды".
Бұл өзен 7 штаттың аумағынан өтеді. Мәселені шешу үшін аймақтар бір жылға созылған айтыс-тартыстан соң тұтынатын су мөлшерін қысқартуға келісті. Шарт бойынша Аризона, Калифорния және Невада штаттары Колорадодан жыл сайын алатын суды 3 миллион акрдай көлемге азайтады. Бұл жалпы қолданылатын мөлшердің 13 пайызы. Мұның орнына аталған штаттар 1 миллиардтан астам доллар өтемақы алады.
Брет Бердсонг, Невада университетінің профессоры:
- Аз мөлшердің салдарын бәрі сезінеді деп ойлаймын. Бірақ оларды қалай бөлетіні белгісіз. Суды көп пайдаланатын сала - ауыл шаруашылығы.
Мұндай келісімдер бұған дейін де жасалған. Бірақ мүлде пайдасы тимеген. Мамандар қазіргідей қуаңшылық соңғы 1200 жылда болмаған дейді.
Сара Портер, Аризона университеті суды пайдалану саясаты орталығының директоры:
- Осы келісімге сәйкес, Аризона, Лас-Вегас, Оңтүстік Невада, тіпті Мексика да тұтынатын судың мөлшерін азайтады. Бірақ бұл жеткілікті бола ма? Оны уақыт көрсетеді. Дағдарысты еңсере алмасақ, қауіп қайтадан күшейеді.
Пауэлл мен Мид көлдеріне төнген қатер күшейсе, үкімет аталған шектеуді одан сайын қатайтуы мүмкін. Сарапшылар 2050 жылға қарай Колорадо өзенінің суы 30 пайызға кемиді деп қауіптенеді.
Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Ернат Мельсұлы