Қытайдың экспедициясы Эверестке шықты
Қытайдың ғылыми экспедициясы Эверестке көтерілді.
Олар әлемнің ең биік шыңында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ғалымдар қар мен мұздың үлгілерін жинайды. Бұл ауаның ластануын анықтауға мүмкіндік береді. Экспедиция мүшелері 5200 метр биіктіктегі негізгі лагерге орналасты. Олар осында бірнеше ай бойы жаттығып, дайындалды.
Таши Пунцок, "Эверест-2023" ғылыми экспедициясының зерттеушісі:
- Ата-анамның үйі тау етегінде. Бала кезімде ешкі баққанда, негізгі лагерь аппақ болатын. Бәрі таза, керемет еді. Жиырма жыл өткеннен кейін ауа райы қатты өзгерді. Мұз еріп, мұздықтар тартылды. Негізгі лагерьде енді қар да жоқ.