АҚШ-та дефолт болмайды

Құрама Штаттарда дефолт болмайды.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден мен республикалықтар арасындағы келіссөздер нәтижесінде белгілі болды. Дегенмен, Конгресс мүшелері мемлекеттік қарызға қатысты проблема бар екенін жасырмайды. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, бұл жағдай жергілікті билік өкілдері арасында бірнеше апта талқыланып келеді. Күн тәртібінде мемлекеттік қарыз шегін көтеру мәселесі тұр. Демократтар кәсіпорындар мен азаматтарға қатысты салық мөлшерін көбейту керек деп отыр. Республикалықтар бұған үзілді-кесілді қарсы. Естеріңізде болса, жергілікті қаржы министірлігі АҚШ-тың қаржы жүйесі маусымның 1-і күні дефолтқа ұшырауы мүмкін деп мәлімдеген еді.

Карин Жан-Пьер, Ақ үйдің ресми өкілі:

- Президент пен Маккарти кеше дефолттан құтылу жолдарын, экономикамыздың дағдарысқа ұшырауын болдырмау үшін нәтижелі кездесу жүргізді. Бірақ әрине, мемлекеттік қарызға қатысты түйткіл көп. Алайда екеуі де дефолт болмайтынын растады. Бұл жағдайдан құтылудың  жалғыз жолы проблеманы жан-жақты қарастыру және екі жақты бюджеттік келісімге қол жеткізу.