Женевада ДДҰ Ассамблеясына Қазақстан делегациясы қатысып жатыр

Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеяның 76-сессиясы жалғасып жатыр.

Биылғы конференция ұйымның 75 жылдығына арналды. Күн тәртібінде жаһандық денсаулық сақтау мәселелері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытудың маңызды рөлі талқыланды. Форумға еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният басқарған делегация қатысуда.

Жанат Эрнст, тілші:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 елдердің делегаттары Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 76-шы отырысында әлемдегі денсаулық сақтау және төтенше жағдайға қарсы әрекетті жақсартуды талқылап жатыр. Соның ішінде жаңа пандемияларға дайындық тақырыбы да бар. 

Форум аясында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен,  Швеция мен Өзбекстаннан келген әріптестерімен, сондай - ақ «Әйелдер жаһандық денсаулық сақтау» ұйымының басшысымен және ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директорының орынбасарымен кездесті. Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Ажар Ғиният денсаулық сақтау саласындағы көпжақты серіктестіктің маңыздылығын және әлемдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытудың ерекше рөлін атап өтті.  Сондай-ақ ДДҰ-ға коронавирустық пандемиямен күресу кезіндегі ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында 194 елдің өкілдері келіп, пандемиядан алған сабақтарың жинап, алдағы уақытта қандай да жоспар бар шаралар қарастырылып жатыр. Жұқпалы ауырулармен қалай күресу жөніңдегі жолдары, иммуннопрофилактика жұмысың күшейту және де басқа денсаулық сақтау салаларың нығайту, соның ішінде анамен баланың денсаулығы, туберкулез, СПИД аурыларымен күресу, көптеген осы жаһандық денсаулық сақтау саласында әлі күрделі мәселе бар. Соның шешу жолдары қарастырылып жатыр.  

Ханс Клюге, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы:

- Алғашқы көмек саласындағы әлеуметтік және психологиялық қызметтерді біріктіру Еуропа аймағындағы әрбір елге қажет нәрсе, өйткені психикалық денсаулық, пандемиядан кейін өте маңызды мәселеге айналып кетті. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп алғашқы медициналық көмек көрсету платформасың ашты. Аймақтағы басқа елдер сол платформадан жаңа әдістерің үйренеді.

Форумда сөйлеген сөзінде қазақстандық делегация басшысы осы жылдың қазан айында Астанада ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясы және Ұйымның Еуропалық аймақтық комитетінің 73-ші сессияның өтетінін хабарлады. Конференция аясында тараптар бұл туралы келісімге қол қойды.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе отырып 194 елдің өкілдері осы жылғы қазан айында біздің елімізге келіп үлкен Жаhандық конференциясына қатысатын болады. Бастапқы тақырыбы ол алғашқы медициналық санитарлық көмектің дамуы. Және де Қазақстанның осы жылдары жинаған озық тәжірибелері да талқыланады.  

Ханс Клюге, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы:

- ДДҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық әрқашан өте жоғары деңгейде болды. Енді біз оны Алматы декларациясының 45 жылдығы мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек туралы Астана декларациясының 5 жылдығына, сондай-ақ ДДҰ-ның 75 жылдығына орай қазан айында Астанада өтетін Жаһандық конференция арқылы одан да жоғары көрсетеміз. Бұл кездесуден кейін ДДҰ-ның Еуропа бойынша 73-ші аймақтық комитеті өтеді, онда біз денсаулық сақтаудағы адам ресурстары, микробқа қарсы тұрақтылық, мигранттардың денсаулығына қатысты іс-шаралар жоспары және басқа да көптеген маңызды тақырыптарды талқылаймыз.

73-ші Өңірлік комитеттің Астана отырысының қорытындысы бойынша алдағы ынтымақтастықтың келешегі айқындалады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетумен қатар стационарларды жаңғырту және халықтың психикалық денсаулығын сақтау басым бағыттардың қатарында болмақ.

Жанат Эрнст, тілші:

- Делегаттар әйелдер мен балалардың, босқындар мен мигранттардың денсаулығын қорғау, жалған дәрі-дәрмек өндірісіне жол бермеу стратегиясын талқылауда. Сондай - ақ Ұйымның келесі екі жылға арналған даму бағдарламасы мен бюджетін қабылдайды.

Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов